қазақша · русский · english
 
 
 
28.04.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Алматы облысындағы «Кәсіби бағдар беру форумы»
09.04.2017 - 14.04.2017


        Алматы облысының Панфилов, Ұйғыр, Райымбек, Еңбекшіқазақ және  Талғар аудандары Алматы қаласынан ең алысы 400 шақырымдай жерде орналасқан. Осыған қарамастан, болашақ тағдырын ойлаған Абай атындағы ҚазҰПУ ректорының тапсырмасымен университтет ұстаздары мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағдар беру жұмысын жаңдандыру мақсатында 09.04.2017 - 14.04.2017жыл аралығында Алматы облысында«Кәсіби бағдар беру форумын»өткізді..


Абай атындағы « Абай форумдары» жетекшісі, Жаратылыстану және география институтының аға оқытушысы Е.К.Бірталаев «Менің таңдауым - ол менің болашағым»

 

Педагогика және психология институтының аға оқытушысы Жанкушков Б.О. «2017 жылғы жаңа форматағы ҰБТ »

         Бүгінгі таңда білім саласында көптеген өзгерістер орын алуда. Оның мән-жайын талқылап түсіндіру әрі Елбасы Жолдауында міндеттелген бірқатар мәселені саралап, нақтылау мақсатында өскелең ұрпаққа болашақ мамандығын дұрыс таңдап, кәсіби құзыретті маман болуына жағдай жасау қазіргі күннің өзекті мәселесі. Соңғы кездерде мектеп түлектері арасында педагогикалық, инженерлік-техникалық, қызмет көрсететін жұмысшы мамандықтарға қызығушылық баяу өсуде. Осы мақсатта , Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2015 жылдан бері «Кәсіби бағдар беру форумы» құрылған болатын. Жас ұрпақтың дұрыс мамандық таңдап, болашақ өмірлеріне дұрыс таңдау жасау барысында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры, академик С.Ж.Піралиевтің арнайы тапсырмасымен талантты жастарды іздеу мақсатында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің «Білімгерлерді қабылдау мен мамандарды даярлауды бақылау» орталығының директоры э.ғ.д., профессор Иманбердиев Борасын Джакипбайұлы басқаруымен 2016 жылы құрылған «Кәсіби бағдар беру форумы» өз жемісін беріп те үлгерді.

         Панфилов ауданы Жаркент қаласында, Ұйғыр ауданы Чонджы қаласында, Райымбек ауданы Кеген қаласында, Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында, Талғар ауданы Талғар қаласында болып, 1500 -ден аса тулектермен және олардың ата -аналарымен пікір алмасып, 2017 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу /КТ жүйесінегі жаңалықтар :
1 блок- 3 міндетті пән:
• Математикалық сауаттылық (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Оқу сауаттылығы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
• Қазақстан тарихы (20 тапсырма, бір дұрыс жауап);
2 блок екі бейіндік пән бойынша ( таңдаған мамандығына байланысты ) әр пәнде 30 тапсырма (20 тапсырмасы,бір дұрыс жауаптан, 10 тапсырмасы бірнеше дұрыс жауаптан тұрады);
Жоғары балл:140
Шекті деңгей:50 балл
Педагогикалық ситуация иә/жоқ және тұңғыш жоғары оқу орны Абай атындағы ҚазҰПУ -дың тарихы және материалдық-техникалық базасымен , ондағы заман сұранысындағы мамандықтар туралы, университет ректорының арнайы үздік оқитын жастарға бөлінетін гранттарымен, әлеуметтік жеңілдіктермен таныстырылды.


Панфилов ауданы Жаркент қаласының Жамбыл атындағы орта мектеп директоры Айсаев Ризайдинмен кездесуде.

        Мектеп бітірушілер мен ата-аналарды толғандырған сұрақтарға қанағаттанарлықтай жауаптар берілді. Сөз соңында мектеп ұжымы және ата-аналармен білімгерлер алғыстарын айта отырып, осындай іс-шараның қажеттігі мамандық таңдауда үлесі зор екендігін айта отырып, жылсайын осындай іс-шараның өтілуіне сұраныс жасады.Абай атындағы ҚазҰПУ-да білім алсақ деген ниеттерін айтып, форумды ұйымдастырған университтет ректорына өз алғыстарын айтты.
          Филология және көптілді білім беру институтының доценті Е.Молдасанов «Ұлттық университтет-тымды таңдау»
Оқушы тұлғасының кәсіби бағыттылығы дегенді біз оқушының мамандық таңдауға өзі қалап және белсенді қарым-қатынасынан көрінетін адам әрекетінің бір бөлшегі деп түсінеміз. Мамандық таңдау кезінде оқушыларға кәсіби бағдар беру әрқашан маңызды мәселе болмақ. Себебі дұрыс мамандық таңдау ол ертеңгі ел тағдыры, адам тағдыры, қоғам тағдыры. Дұрыс кәсіп таңдаған адам - рухы биік тұлға болатыны анық.Рухы биік елдің - жарқын болашағы да айқын болары сөзсіз.

           Педагогика және психология институтының кәсіби бағдар беру жұмысына жауапты тұлға аға оқытушы Жанкушков Б.О.

 

 

 




Кері оралу