қазақша · русский · english
 
 
 
11.05.2017

     АЛАШ ИДЕЯСЫ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІК МҰРАТТАРЫ

     04.05.17. күні сағат 15:00-де академик Серік Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен Алашорда үкіметінің 100 жылдығына арналған «Алаш идеясы және тәуелсіздік мұраттары» атты дөңгелек үстел өтті.

    Дөңгелек үстелге қаламыздың 10 ЖОО-ның студенттері қатысты. Әдеби-танымдық шараны институтымыздың директоры ф.ғ.д., профессор Балтабай Әбдіғазиұлы құттықтау сөзімен ашып, Алаш қайраткерлері туралы тарихи деректермен бөлісті. Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылар ф.ғ.д., профессор м.а. А.В.Таңжарықова мен ф.ғ.к., аға оқытушы Г.С.Асқарова жоспармен таныстырып, кіріспе сөзді бастап, дөңгелек үстелді жүргізуді студенттерге табыстады. Еркін форматта (дискурс) түрінде өткен дөңгелек үстелді модератор-студент А.С.Қали мен спикерлер А.Құлбек, Г.С.Сансызбаева кезекпен жүргізіп, қатысушы 10 ЖОО-ның студенттерімен пікір алмасып отырды.

      Сөз басын модератор А.С.Қали Алаш қайраткерлері шығармаларындағы ұлттық идея төңірегінде деректерімен бөлісті. Дөңгелек үстелде Алаш қайраткерлерінің қызметі, еңбектері мен шығармашылығы терең қарастырылып, статистикалық мәліметтер де ұсынылып, өзектілігін жоғалтпаған жер, дін, әйел теңсіздігі, сауаттылық, тәрбие мәселелері талқыға салынды. Нәтижесінде, екі негізгі ұсыныс талқыға түсіп, қатысушы студенттердің оң бағасын алды:
1. Алаш қайраткерлері туралы БАҚ жоба, танымдық-ақпараттық шараларды мемлекеттік деңгейде жасап, халыққа ұсынса;
2. Алаш қайраткерлерінің еңбектері мен шығармашылығын дәріптейтін арнайы пән оқылса деген ұсыныстар бір ауыздан қабылданды.

       Спикер А.Құлбек дөңгелек үстелді қорытындылап, қатысушыларға ыстық лебізін білдірді.

     Дөңгелек үстелге қатысушы барлық студенттерге сертификаттар табысталып, соңы естелік суреттерге түсумен ұласты.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу