қазақша · русский · english
 
 
 
06.06.2017

Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы Польшаның Слупск қаласындағы Помор академиясында

 

      2017 жылдың 4 мен 8 маусым аралығында Польшаның Слупск қаласындағы Помор Академиясында Абай атындағы ҚазҰПУ делегациясы ресми сапармен болады. Делегация құрамында: оқу ісі жөніндегі проректор, философ.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филол.ғ.д., профессор Әбішева Сәуле Жүнісқызы.
    Помор академиясымен біздің университетті ғылыми және халықаралық ынтымақтастық шаралары байланыстырады. Біздің студенттер мен магистранттар аталған жоо ғылыми тағылымдамадан өтіп, семестрлік білім алады. Қазіргі таңда қосдипломды білім шартына отыру келіссөздері жүргізілуде.
     Қазақстандық қонақтарды 2016 жылы Абай университетіне Академияның Неофилология институтының орыс әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Галина Львовна Нефагинамен бірге ресми сапармен келген Помор академиясының ректоры, профессор Збигнев Осадовский қарсы алды.
    Академияда семестрлік білім алған орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы магистратурасын тәмамдаған Максим Пономаренко Помор академиясының докторантурасында білімін жалғастыруда.

 

 

 

 

 

 

 




Кері оралу