қазақша · русский · english
 
 
 
02.10.2023

Абай атындағы университетінің студенттері - брейн-ринг жеңімпаздары

 

2023 жылдың 29 қыркүйегінде Тұран университетінде ТМД елдеріндегі ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі орыс тілі жылы аясында «Қазақстан және Ресей: әдеби байланыстар» тақырыбында брейн-ринг зияткерлік ойыны өтті. Ойын 3 турдан тұрды. Финалға Абай атындағы ҚазҰПУ атынан қатысқан 2 команда, 2 және 3 курс студенттері шықты: «Верлибр» (РЯЛ 201) және «Арзамас» (РЯЛ-202) командалары. Конкурстың сұрақтары университет бағдарламаларының аясынан тыс, күрделі болды.

 

Конкурс сұрақтарына жауап бере отырып, оқушыларымыз әдебиетті терең меңгергендігі мен эрудициясын ғана емес, топпен жұмыс жасай алатынын, зейінін жинақтай алатынын, проблеманы шешуге жұмылдыра алатынын көрсетті. Нәтижесінде Абай университеті Филология институтының екі командасы да брейн-рингке қатысқан алты команда арасында бірінші және екінші болып топ жарып, осы зияткерлік сайыста жүлделі орындарға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу