қазақша · русский · english
 
 
 
16.10.2023

«Жыраулар сөзі - тарихтың көзі» жыр кеші

 

2023 жылдың 13 қазанында Филология институтына қарасты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к., Молдасанов Ерсайын Мышанұлының ұйымдастыруымен «Жыраулар сөзі - тарихтың көзі» тақырыбында 1-курс студенттеріне арналған жыр кеші болып өтті. Аталған шараға арнайы қонақ ретінде Жетісу жыр мектебін жаңғыртушы, жыршы - сазгер Әділбек Әбіш Баймұханбетұлы қатысып, студенттерге жырдан шашу шашты. Кеш барысында студенттер келген қонаққа сауалдар жолдап тамаша әңгіме өрбітті. Іс-шара соңында институт директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Арман Абдықалықов пен кафедра меңгерушісі Нағима Ильясова ұйымдастырылған жыр кешінің студенттер үшін тәлімі мол екеніне тоқталып, кеш қонағына алғыстарын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу