қазақша · русский · english
 
 
 
17.10.2023

Студенттер А. Байтұрсыновтың мұрасын насихаттауда

 

2023 жылдың 16 қазанында Филология институты Академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (Гүлбану Қосымова, Жаңалық Балтабаева, Қалбике Есенова, Айман Қобланова, Сауле Нұрғали, Майра Жүніс, Қатира Балабекова) мен студенттері А.Байтұрсынұлы орталығының жетекшісі Роза Бақбергенова ұйымдастыруымен Алаш қайраткері, қазақ тіл білімінің атасы Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйі ауласына арша ағаштары мен гүл көшеттерін отырғызды. Бүгінгі шара ұлт ұстазына деген құрметтің жалғасы екеніндігіне тоқталған Институт директоры Алуа Таңжарықова студент-жастарымызға бұл игі істің берер тәлімі мол екенін атап өтті. Сондай-ақ студенттеріміз ұлт ұстазы өлеңдерінен үзінді оқып, арнау тілектерін білдірсе, аталған іс-шара музей жетекшісі Райхан Имаханбет Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық дәріс өткізді. Институттың ғылыми істер жөніндегі орынбасары Алмас Найманбаев ғұлама ғалымның еңбектерін зерттеп, зерделеу жастардың міндеті екендігіне тоқталды. Кафедра меңгерушісі, профессор Нағима Ильясова алдағы уақытта бұл байланыс тереңдей түсетінін айта келіп, музей әкімшілігіне алғысын білдірді.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу