қазақша · русский · english
 
 
 
19.10.2023

Ашық есік күні

 

2023 жылдың 18 қазанында Филология, Жаратылыстану және География, Педагогика және Психология институты Талдықорған қаласы «Innoverse high school» жеке меншік мектебінің 100 түлегін білім ордасында кабылдап, Ашық есік күнін өткізді.

 

Іс-шараны Филология институтының директоры А.В.Таңжарықова және Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Нұрмахан Әуесбекұлы ашып, түлектерге 95 жылдық тарихы бар елдің алғашқы жоғары оқу орны болып табылатын біздің университетті таңдауға шақырды. Сөз сөйлеушілер бітіруші түлектерге Абай атындағы ҚазҰПУ қазақ халқы тарихындағы алатын орнының ерекшелігіне, қоғам өмірінің барлық салалары бойынша білікті мамандар даярлауда еліміздегі жоғары білім беру жүйесінің көшін бастап келе жатқан университет екенін алға тартып, Қазақ тілі мен әдебиеті, Биология, География, Химия, Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі пәндері комбинациясы жөнінен ақпараттар берді.

 

«Күлтегін» еріктілер құрамының студенттері Ашық есіктің жоғары деңгейде өткізілуіне ықпалдарын тигізді. Олар түлектерге әннен өлең өріп, көтеріңкі көңіл күй сыйлау ниетпен жырдан шашу шашты, би биледі.

 

Университет мұражайы таныстырылып, аталған институттардың оқу-зертханалық лабораторияларына шолу жасалынды.

 

Іс-шара соңында қызығушылық танытқан түлектерге білім ордасының есігі әрдайым ашық екені жеткізілді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу