қазақша · русский · english
 
 
 
07.11.2023

Студенттік қатарға қабылдау


2023 жылдың 3 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да корей тілінің оқытушылары (сонсэннимдер) ұйымдастырған Филология институтының «6В01718- Шығыс және ағылшын тілдерінің мұғалімі» мамандығының бірінші курс студенттеріне арналған дәстүрлі іс-шара өтті. Мерекелік кешті шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Қоңқабаева құттықтау сөзімен ашты. Бұл ұмытылмас кешке «6В01718-Шығыс және ағылшын тілдерінің мұғалімі» білім беру бағдарламасының 1-ші курс студенттері және «6В01709 - Ағылшын тілін меңгерген шығыс тілі мұғалімі» білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері жиналды. Бэ сонсэнним ұйымдастырған бұл іс-шара топтарға бөліп, ойындар ойнату арқылы студенттердің бір-бірімен жақын танысып, тіл табысуларына бағытталған болатын. Барлық білім алушылардың ұжымдаса қатысуы студенттерге жақсы көңіл-күй сыйлап, жақсы әсерін қалдырды.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу