Филология факультеті |
03.10.2017
ҚАРТТАРЫМ, АМАН-САУ ЖҮРШІ 1-қазан қарттар күніне орай, ардагерлер үйінде қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 1 курс (1,2,3- топ) студенттері «Қарттарым, аман-сау жүрші!» атты мерекелік шара өткізді. Бұл шараға ардагерлер үйінің барлық қарттары қатысып, мәре-сәре болып, балаша қуанды. Қарттарға құрмет көрсетіліп, студенттер құттықтауларын айтып, мерекелік көңілмен әсем әндерін шырқады. Жастар ата - әжелеріміздің көңілін көтеріп, бір сәт жаны жабырқаулы қарттарымыздың жүрегіне қуаныш сезімін ұялатқандай болды. «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген сөз бар. Жастарымыз ата-анасының қадірін кеш болмай түсінсе екен. Қарттары бар ел-бақытты ел. Сондықтан ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман болсын. Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған. Қарияларға қамқор болу - барлық қоғамның және әрбіріміздің міндетіміз, өйткені жасы ұлғайған адамдар мемлекетіміздің алтын қоры, адалдықтың, адамдықтың жарқын үлгісі. Кештің соңында мерекелік сыйлықтар табысталып, ата-әжелеріміз сөз алып, студенттерге алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. 1 курс студенттерінің бұл ұйымдастарған шарасы көпке үлгі болары анық.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|