Филология факультеті |
11.10.2017
Мұражай - ақпарат көзі Осы 2017 жылдың 05 қараша күні «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенттері және «Тағылым» ғылыми-эстетикалық клубының мүшелері белгілі жазушы Сәбит Мұқановтың «Мұражай-үйіне» барып, мұражай қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында мұражай қызметкерлері жеке тұлға туралы ақпараттарды жеткізу мен насихаттаудың ерекшелігі туралы өзіндік ойларын ортаға салды. Мұражайдағы сирек кітаптар мен жазушының өміріндегі ғажайып оқиғалар жайында тың мәліметтермен қанықтырды. Мұражай қызметкері Айнұр мен Рашида апайлар мұражайға келген қонақтарға, студенттерге мәлімет берудің ең басты шарты не екендігін де атап өтті. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «Қазақ тілі теориясы және әдістемесі» кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ.к. Е.Қасенов «мұражай - қай уақытта болмасын нақты ақпарат көзі болатындығын, жазушы туралы тың мәліметтер дүниетанымның кеңеюіне септігін тигізетіндігін» айрықша атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|