қазақша · русский · english
 
 
 
16.02.2024

«6В01703-Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша пәндік олимпиада


2024 жылдың 15 ақпанында «6В01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығы бойынша пәндік олимпиада өткізілді. Іс-шараның мақсаты - студенттердің болашақ мамандар ретіндегі қабілеттерін анықтау және оларға қолдау көрсету. Олимпиадаға 3-4 курс студенттері тілдік деңгейі жоғары 40 студент өтініш білдіріп, 35 студент қатысты.


Пәндік олимпиада 2 кезеңнен тұрды. I кезең: 1-ші бөлімінде - лексика-грамматикалық тест тапсырмаларын орындау. Нәтижесінде 20 студент іріктелді. 2-ші бөлімінде IELTS-қа негізделген (Reading,Listening,Writing ) тапсырмалары. Нәтижесінде 10 студент келесі кезеңге өтті.

 

Олимпиаданың ІІ кезеңінде студенттерге кәсіби мамандықтары бойынша, методикаға негізделген, ауызша тапсырмалар берілді. Нәтижесінде 5 студент жүлделі орындарды иеленді.

 

Студенттеріміз сабақтан тыс тәжірибе мен керемет эмоция алды. Олимпиаданың өтуіне ықпал еткен Серік Иватовқа, ұйымдастыруға жетекшілік еткен Дана Шаяхметоваға және Олимпиаданың әділ өтуіне атсалысқан комиссия мүшелері - Гулдана Сейдалиеваға, Зада Кемелбековаға және Сауле Дауренбекке алғысымызды білдіреміз!

Ұйымдастырушылар: Әсем Муслимова, Нұргүл Тұрысбекова.

 

Комиссия шешімімен 1 орынды Әлнұр Бақзор, 2 орынды Абдуманап Ақжан мен Төрекелді Айхан, 3 орынды Өскенова Айсана мен Орынбасар Аружан иеленді. Студенттеріміз республикалық олимпиададан жүлдемен оралады деп үміттенеміз!

 

  alt=  

 




Кері оралу