Филология факультеті |
01.03.2024
Филология институтының 2023-2029жылдарға арналған мектеппен байланыс стратегиялық даму бағдарламасы іске асуда
Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты шетел тілдері кафедрасы 2024 жылдың 26 ақпанында Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылдағы Қошмамбетов атындағы орта мектепте өз кафедрасының филиалын ашты.
Кафедра филиалын ашу - университетке келетін өңірлердегі мектеп бітірушілердің біздің университеттегі мамандықтарды таңдауының маңыздылығымен анықталды. Өңір оқушыларының шетел тілдерін үйренуге деген қызығушылықтары жоғары. ҰБТ-да негізгі пән ретінде шетел тілі пәнін таңдау арта бастады. Осы себепті аудандық мектеп мұғалімдері жоғары оқу орындарының ғылыми-әдістемелік көмегіне, қолдауына аса зәру. Сондықтан осы жағдайларды ескере отырып, өңірлерден кафедра филиалын ашу , болашаққа құйылған инвистиция іспетті. Қарасай ауданындағы ірі мектептердің бірімен ғылыми-әдістемелік көмек көрсетіп, байланыс орнату мақсатында кафедра филиалын ашу туралы шешім қабылданды.Мектепте 170 мұғалімнің жетекшілігімен 2600-ден астам оқушы білім алады, оның он сегізі ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен жиырмаға жуық оқушы бейіндік пән ретінде ағылшын тілін таңдаған. Бұл деректер мектептің шын мәнінде назар аударатынелеулі көрсеткіштері болып табылады және кафедра оқытушылары үшін ауқымды ғылыми, әдістемелік және педагогикалық іс-шараларды жоспарлау және жүзеге асыру үшін жақсы негіз екендігі сөзсіз.
Мектеп директоры Б.Қ.Қуанышеваның жетекшілігімен мектеп ұжымы университетпен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюдың мұқият ойластырылған сценарийін көрсетіп, мектеп базасында Абай атындағы ҚазҰПУ-ті Филология институты шетел тілдері кафедрасының филиалын ашу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Келісімге қол қойылғаннан кейін кафедра оқытушылары университет, институт және кафедраның таныстырылымын жасап, мектеп ұжымын кафедраның 2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспарымен таныстырды.
Мектеп базасында кафедра филиалының ашылуы, кафедраның аға оқытушысы Ж.Г.Кулекенованың ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Шетел тілін оқытудағы жаңа технологиялар» тақырыбындағы бірінші дәріс оқылуымен жалғасты.
Кафедра оқытушылары PhD пост докторант Ш.А.Әкімбекова, аға оқытушылар Ж.Г. Кулекенова, А.Б.Мысекеева, Ш.О. Султанкулова бөлімнің филиалын ашуда үлкен жұмыс атқарды және қазір кафедра ұжымының алдында үлкен міндеттер тұрғандығын , болашақ жоспарлардың жүзеге асырылуына өз үлестерін қосатындықтарын атап айтты.
Мектепте, ағылшын тілі мұғалімдерінің арасында 2008 және 2023 жылы университетіміздің «Шетел тілі-екі шетелтілі» мамандығын тамамдаған түлектерді кездестіру, кафедра оқытушылары үшін қуанышты жағдай болды.
Шетел тілі мамандығы бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары А.М. Сауриковаға осындай маңызды істерге қолдау көрсеткені үшін алғысымыз шексіз.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|