қазақша · русский · english
 
 
 
07.03.2024

Докторанттардың ғылыми семинары

 

2024 жылдың 6 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты «Қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі» кафедрасында докторанттардың кезекті ғылыми семинары өтті. Семинарда «8D02314 - Лингвистика» мамандығының 1-курс докторанттары Закиряева Гүлназ «Тілдің медиациялық қызметі» тақырыбында, Турикбенбаева Нұрсәуле «М.Шаханов шығармаларындағы ұлттық құндылық категориясын құрайтын базалық концептілер» тақырыбында, «8D01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс докторанты Самархан Санақжан «Қазақ тіл біліміндегі перифраза» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.

 

Ғылыми семинарға кафедра оқытушылары мен докторанттары қатысты. Баяндамашыларға сұрақтар қойылып, талдау жүргізілді. Ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша докторанттарға кафедра оқытушылары тарапынан бағыт-бағдар берілді.

 

  alt=  




Кері оралу