қазақша · русский · english
 
 
 
12.03.2024

Цифрлы сауаттылықты арттыру заман талабы

 

Цифрлық сауаттылықты арттыру бүгінгі заманның кезек күттірмес мәселесінің бірі екені айтпаса да түсінікті. Әсіресе, болашақ ұрпақты тәрбиелеу жолында қызмет ететін педагог қауымы үшін бүгінгі заманның ең бірінші қағидасы болып отыр. Осы мәселені назарда ұстаған академик С. Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы профессор-оқытушылар қауымының цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында білікті мамандармен семинарлар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырып келеді. Бүгінгі семинар қонағы педагогика ғылымдарының магистрі, Phd докторант, ағылшын тілінің мұғалімі Айнагүл Рысқұлова «Білім берудегі жасанды интеллект көмегімен дербес оқытуды арттыру» тақырыбында семинар-дәріс өткізді.


Аталған семинарда Айнагүл Дүйсенбекқызы кафедра ұжымына «All gammas», «FUSION BRAIN», «ChatGPT» платформаларымен қалай жұмыс жасаудың жолдарын көрсетті. Кафедра оқытушылары семинар барысында аталған платформалармен семинар-дәріске байланысты презентацияларды қалай ұйымдастыруды көрсетілген үлгіге сәйкес өздері де жасап көрді. Семинарда оқытушылар тарапынан Рысқұлова Айнагүлге сауалдар жолданып, оның толық жауаптары алынды. Жалпы бүгінгі ұйымдастырылған семинар оқытушыларға көп ақпаратпен бөлісуге мүмкіндік берді.

 

  alt=  

  alt=  




Кері оралу