қазақша · русский · english
 
 
 
16.11.2017

Орыс тілі оқытушыларының біліктіліктерін жоғарлату курстары


2017 жылдың 14-15 қарашасында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абай атындағы ҚазҰПУ-Пушкин институты» серіктес желісі ішінде "Орыс тілін оқытудағы заманауи білім беру технологиялары" атты орыс тілі оқытушыларына біліктіліктерін жоғарлату курстары жүргізілді.
Курстың лекторы - Профессор,педагогика ғылымдарының докторы, А.С.Пушкин атындағы мемлекеттік орыс тілі институтының инновациялық және үздіксіз білім беру басқармасының ғылыми-әдістемелік бөлімінің басшысы, Орыс орталығының жетекшісі Наталья Владимировна Кулибина болды.
Шара барысында «Ғаламдық білім беру кеңістігіндегі орыс тілі» біліктілікті жоғарлату бағдарламасының қашықтан оқыту модулінің тақырыптары ұсынылды:
1. Заманауи орыс тіліндегі белсенді үдерістер;
2. Пушкин институтының сертификаттау тестілеуінің келешегі мен мәселелері;
3. Ресей аймақтық зерттеулерінің өзекті мәселелері:бүгінгі күндегі Ресей елі;
4. Екі тілде сөйлеуші балаларды тестілеудің лингводидактикалық негізі.
Іс-шараға 135 тыңдаушы қатысты, оның ішінде Алматыдағы 16 ЖОО өкілдері, Т. Жүргенова атындағы Өнер колледжі, сондай-ақ Алматы қаласының және облысының мемлекеттік және жекеменшік мектептері.
Курс соңында барлық қатысушыларға біліктілікті жоғарлату курсының аяқталғаны туралы сертификаттар табысталды.
Курқа қатысқан 16 ЖОО -ның тізімі:
-Абай атындағы ҚазҰПУ;
-аль-Фараби атындағы ҚазҰУ;
-М.Тынышпаев атындағы Көлік және коммуникация академиясы;
-Алматы технологиялық университеті;
-Т.К.Жургенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы;
-ҚазҰАУ;
-С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ;
-Алматы Менеджемент университеті;
-Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті;
-Қазақеңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы;
-Алматы энергетика және байланыс университеті;
-Санкт-Петербург гуманитарлық кәсіподақ университеті Алматы филиалы;
-Халықаралық бизнес университеті;
-Нархоз университеті;
Және де өнер колледждерімен мектептерінің өкілдері:
- "Tamos Education" физика-математикалық жекеменшік мектебі;
- Сұлтай орта мектебі;
- №29 Бесағаш ауылының орта мектебі (Талғар ауданы ,Алматы облысы)
Барлығы 135 тыңдаушы қатысты.


  


  


 

 

 

 




Кері оралу