Филология факультеті |
15.03.2024
Жауынгерлік дəстүр жалғастығы
2024 жылдың 12 наурызында Абай университетінде ҚР Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институты мен АФилология институты шығыс филологиясы жəне аударма кафедрасы арасындағы жауынгерлік дəстүр мен қатар достық қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Жауынгерлік дəстүр жалғастығы» тақырыбында кеш өтті.
Шараны ұйымдастырушылар - кафедра оқытушылары Э.Ж.Кансейтова мен А.Н.Раева және кафедра білім алушылары.
Мерекелік шараға институттың профессор-оқытушылар құрамы, Филология институты директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары А.У. Абдыкалыков, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, Радиоэлектроника жəне байланыс əскери-инженерлік институтының ғылыми істер жөніндегі меңгерушісі Н.С.Смағұлова қатысып, студенттерге тілектерін білдірді.
Бұл іс-шараның мақсаты - екі жоғары оқу арасындағы жауынгерлік дəстүр мен қатар достық қарым-қатынасты нығайту болған. Кеш қазақ халқының күйімен басталып, қонақтардың алып келген концерттік бағдарламалары мен қатар кафедра студенттерінің қытай, араб тілінде әндері шырқалып, корей, ұйғыр халықтарының билері биленді.
Кеш соңында шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Н.Н.Конкабаева іс-шараға белсене қатысқан студенттер мен курсанттарға ризашылығын білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|