қазақша · русский · english
 
 
 
11.04.2024

Педагогикалық іс-тәжірибе ашылу конференциясы 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты, шығыс филология және аударма кафедрасының оқу жоспарына сәйкес, «6в01703-Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының 4-курс студенттері (қытай, араб, түрік, француз, неміс) университеттің басқарма төрағасы - ректор Болат Тілептің бұйрығымен 2024 жылдың 8 сәуірі мен 11 мамыры аралығында педагогикалық практикадан өту үшін «AiSaf-Almaty » ЖМ гимназиясына, «АйСаф» қыздарға арналған жеке меншік мектебіне, Шетел тілдер педагогикалық колледжіне, «Даму» зияткерлік мектебіне, Алматы білім инновация лицейіне, №113 лингвистикалық гимназиясына, Халықаралық Қазақстан - Туркия лицейіне жіберілді.

 

Осы мамандықтар бойынша практиканы ашу жөніндегі конференция 2024 жылғы 8 сәуірде ZOOM платформасында онлайн-режимде өтті. Іс-тәжірибе ашылу конференциясына кафедра меңгерушісі Н.Н.Конкабаева, кафедра бойынша іс-тәжірибеге жауапты аға оқытушы А.Н.Раева, әдіскер-оқытушылар - аға оқытушылар Г.Қ.Сатбай, Н.Х.Коспаганбетова, А.М.Алмабекова, Э.Ж.Кансейтова, С.Мейрхан, Д.М.Ашимова, А.С.Жумабаева, Қ.Дүйсенова және іс-тәжірибеге баратын студенттер қатысты. Конференция барысында практиканың мақсат-міндеттері, ережелері түсіндіріліп, студенттердің сұрақтарына жауап берілді.

 




Кері оралу