қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2024

Ғылым онкүндігі: аудармашы студенттерге арналған ресейлік зерттеушінің дәрістері

 

29 наурыз бен 11 сәуір аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының студент-аудармашыларына ағылшын тілінде топтық жұмыс үлгілері тақырыбында Г.В.Плеханов атындағы Ресей экономикалық университетінің №2 шетел тілдері кафедрасының аға оқытушысы Армине Эдуардовна Григорян онлайн-дәрістер оқыды.

 

«Командалардың әртүрлі типтері және олардың компаниядағы қызметтері» дәрісі аясында студенттер команда мен топтың негізгі айырмашылықтары мен ерекшеліктерімен таныстырылды; командалардың жіктелуі және оларды келесі төрт сипаттама бойынша санаттарға бөлу ұсынылды: мақсаты, жарамдылық мерзімі, мүшелігі және құрылымы, сондай-ақ компания қызметкерлерінің қызметін ұйымдастыру және үйлестіру тәсілдері сипатталған. «Табысты команда құру қадамдары» дәрісі табысты команданы қалыптастырудың негізгі кезеңдерін қамтыды. «Көшбасшылық стильдері және олардың компанияға әсері» дәрісі барысында басқару стильдері арасындағы негізгі айырмашылықтар, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері қарастырылды. Компанияның сәтті жұмыс істеуі үшін басқару модельдерін дұрыс таңдаудың маңыздылығы атап өтілді.

 

Дәрістер студенттердің қызығушылығын тудырды, олар өздерінің тілдік дағдыларын жаңарта отырып, белсенді сұрақтар қойды. 

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу