қазақша · русский · english
 
 
 
15.04.2024

«Шығыс поэзиясының сиқырлы әлемі» халықаралық олимпиадасы


2024 жылдың 10 сәуірінде Ғылым декадасы - 2024 аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология институты, шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессоры К.Х.Абдрахманова және аға оқытушы Д.М.Ашимованың ұйымдастыруымен «Шығыс поэзиясының сиқырлы әлемі» атты халықаралық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абай атындағы ҚазҰПУ шығыс филологиясы және аударма» кафедрасының, Гиресун университетінің, Әзірбайжан Педагогикалық университетінің, Невшехир Хажи Бекташ Вели университетінің, Мугла Сыткы Кочман университетінің 1-4 курс студенттері арасынан барлығы 23 студент қатысты. Олимпиаданың негізгі мақсаты: шығыстың ғұлама ақындарының поэзиясын (қазақ, түрік, араб, ұйғыр) мәнерлеп оқуда шығыс тілін жақсы меңгерген және қабілеті бар студенттерді анықтау және қолдау. Олимпиаданың ашылу салтанатында Филология институты директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Гүлназ Нүптекеева құттықтау сөзін сөйлеп, қонақтарды таныстырды. Түркия (Профессор, доктор Эрдоган Алтынқайнақ, профессор Адем Өгер, доцент Екрем Аян, профессор Веди Ашкароглы) және Әзербайжан ( PhD докторы Мехтизаде Гюльшен) университеттерінен келген қонақтар да құттықтау сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.


Қазылар алқасының төрағасы Ардахан университетінің профессоры, доктор Эрдоган Алтынқайнақ (Түркия), қазылар алқасының мүшелері-Невшехир Хажи Бекташ Вели университетінің Түркі халықтары фольклоры бөлімінің бастығы, профессор Адем Өгер, Мугла Сыткы Кочман университетінің доценті Екрем Аян, Әзірбайжан Педагогикалық университетінің PhD докторы Мехтизаде Гюльшен, Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Қонқабаева, филология ғыл.кандидаты Руслан Арзиев, аға оқытушы Гүлназ Сатбай әрбір студенттің білім деңгейлерін таразылап олимпиада жүлдегерлерін анықтады. Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының жеңімпаз студенттеріне I, II, III дәрежелі дипломдар Гиресун университеті тарапынан табысталады. Жүлделі орынға ие болған студенттеріміз: Түрік бөлімінен Аяулым Қайдар (Қазақстан) - 1 орын , Zəhra İskəndərli (Әзірбайжан)- 2 орын, Elif Çağla Kara (Түркия) - 3 орын; Араб бөлімі: Ақерке Хамза (Қазақстан) -1 орын, Алтынай Сағынғалиева (Қазақстан) - 2 орын, Aysu Selvi (Түркия) - 3 орын; Ұйғыр бөлімі: Дильназ Надырова (Қазақстан) -1 орын, Derya Yılmaz(Түркия) - 2 орын, Сахинур Муталипова(Қазақстан)-3 орын.


Олимпиада соңында Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі Назым Қонқабаева олимпиада қонақтарына, қазылар алқасының мүшелеріне және олимпиаданы ұйымдастырған оқытушыларға алғысын білдіріп, жүлделі орындарға ие болған студенттерді жетістіктерімен құттықтады. Келген қонақтар да өз тараптарынан құттықтау сөздер айтып, ризалығын білдірді.

 

  alt=  

 




Кері оралу