Мерекелік «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кеші
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың 90-жылдығына орай 7 желтоқсан 2017 жылы Филология және көптілді білім беру институты Практикалық тілдер кафедрасының тәрбие жөніндегі орынбасары магистр Сауле Шолтай мен «Тіл -таным» клубының жетекшілері аға оқытушы Меруерт Алибаева мен доцент Сауле Нұрғалидың ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні 16-желтоқсанға арнап "Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз" атты кеш өткізілді.
Іс-шараның өткізілу мақсаты - Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді қолдануға мүдделілігін арттыру, қазақ тілінің коммуникативтік мүмкіндіктерін жаңа заман талаптарымен ұштастыра отырып, заман талабына сай үш тілді бірдей меңгерген маман болуларына бағыт-бағдар беру.
Мерекелік «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты кешіміздің ашылу рәсімін Филология институтының директоры, профессор Балтабай Әбдіғазиұлы ашты.
Кеште өзге ұлт өкілдерінің студенттері Қазақстан Сорбонна мен «Тіл -таным» клубы мүшелері Нырко Маргарита «Атамекен» әнің шыркаса, Анна Солоткина, Галина Ситникова, Юля Большедворова Мұқағали Мақатаевтың, Мұхтар Шахановтың патриоттық өлеңдерін оқып, Анастасия Молчанова мен Галина Билданова қазақтың ұлттық биін билеп, өнерлерін көрсетті.
Шара барысында «Тәуелсіз Қазақ елі» атты слайдттар көрсетіліп, егемендік алған жылдардан бергі еліміздің жетістігі көрсетілді. Ел тірегі Елбасының арқасында бүгінгі күнге дейінгі жеткен жетістіктеріміз атап өтілді. Кешті Филология және көптілді білім беру институты Практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі профессор Розалинда Шаханова Әшірбайқызы қорытындылап,: "Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн- біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Соны жастар Сіздер аялап, қадір қасиетін бағалай біліңіздер", деген тілекпен аяқтады.
Кеш соңына қарай бүкіл қатысушылар атамекен - Қазақстанға арнап "Көк тудың желбірегені" әнін шырқады.