қазақша · русский · english
 
 
 
21.10.2024

«Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеудің бағыттары, әдіснамасы мен әдістемесі» конференциясы  


2024 жылдың 18 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті қазақ тілі теориясы және оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Ғабдолла Қалиевтің туғанына 95 жыл толуына арналған «Қазақ тіл біліміндегі ғылыми зерттеудің бағыттары, әдіснамасы мен әдістемесі» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

 

Конференцияға еліміздегі танымал ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі, п.ғ.д., профессор, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Оразбаева Фаузия, ф.ғ.д., профессор Балтабай Әбдіғазиұлы, ф.ғ.д., профессор Салқынбай Анар, ф.ғ.д., профессор Атабаева Мереке, п.ғ.д., профессор Оразахынова Нұрша  , ф.ғ.к., Ғылым және жоғары білім министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов (онлайн) және университеттің оқытушы-профессорлары, жас ғалымдар мен студенттер және Ғабдолла Қалиевтің балалары қатысты. 

 

Конференция аясында (01.10-10.10.2024 ж.) кафедра профессор-оқытушылар құрамы республикалық деңгейде ЖОО-ның оқытушыларына біліктілікті арттыру курсын өткізді. Курс екі түрлі бағытта жүргізілді: «Қазақ және өзге тілді аудиторияда «Қазақ тілін» оқыту», «Қазақ грамматикасы  мен тіл тарихы оқыту әдістемесі».  Курс тыңдаушыларына 72 сағаттық көлемде сертификат табысталды. Сонымен қатар профессор Ғ.Қалиевтің ғылыми еңбектерінің тұсаукесері болды. Ғалымның атындағы №420 аудитория жаңа форматта жабдықталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу