қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2018

 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын Абай атындағы ҚазҰПУ-де талқылау

 

2018 жылдың 12 қаңтары күні Абай атындағы ҚазҰПУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын талқылау мақсатында кеңейтілген жиын өтті.

 

Жиынды Абай атындағы ҚазҰПУ-дің ректоры Такир Балықбаев Оспанұлы ашып, сөз кезегін баяндамашыларға берді.

 

Қатысушылардың назарына Университеттің ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариеваның және филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлының баяндамалары ұсынылды.

 

Профессор-оқытушылар құрамы баяндамаларды тыңдап, пікір алысты.

 

Бұл іс-шараға практикалық тілдер кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы: педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Сауле Нұрғали, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Рысжан Бекишева, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Галина Кадырова, педагогика ғылымдарының магистрі Алия Онгарбаева қатысты.

 

Қатысқан оқытушылар мәлімет ретінде кафедра профессор-оқытушылар құрамына хабарлама жасады.

 

       

 

       

 

       




Кері оралу