қазақша · русский · english
 
 
 
16.01.2018

Педагогикалық практика басталды

 

Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі және әдебиеті кафедрасында бакалавриаттың 3 және 4 курс студенттеріне педагогикалық практика бойынша конференция ұйымдастырылды.

 

Болашақтақ ұстаздар үшін маңызды жаңалық Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы болды. Н.Ә. Назарбаев Жолдауда білім беруге арналған бөлімінде білім беру бағдарламаларының өзекті басымдылығы - үздіксіз дағдылануға,өзгерістерге және жаңа мағлұматты меңгеру қабілеттілігін дамыту екенін ерекше атап өтті. Жолдауда атап өтілген қазақ, орыс және ағылшын тілдерін үйрену болашақ филология мамандары үшін маңыздылығы зор міндет болып табылады. Елбасының ұстаздардың жұмысына деген ілтипаты оқытушыларды да, студенттерді де жігерлендіреді.

 

Конференцияда Жолдаудағы міндеттер талқыланып, сондай-ақ, кафедра оқытушылары тарапынан өз тәрбиеленушілеріне тілектер айтылды. Жас ұстаздарды қарсы алуға Ш. Уалиханов атындағы №12 мектеп-гиманизиясынан, біздің өткен жылғы филолог - түлектеріміздің оқушылары келді. Педагогикалық практика өту барысында өздерін жақсы қырынан танытқан Айтолкын Айтмаганбетова және Жансая Рустембекова мектеп ұстаз ретінде жұмысқа шақырылды.

 

3-ші және 4-ші курс студенттері мектепке барар жолдарында қобалжуы болса да, университет берген білімдеріне сенімділік пен болашақта ұстаз болу ықыласы кәсіпқой маман ретінде табысқа жетіуіне кепілдік болатынына сенімдіміз.

 

  

 

  




Кері оралу