қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2018

Білім беру бағдарламалары бойынша жұмыс

 

2018 жылдың 15 мен 17 - ші ақпан аралығында Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетінде 23 педагогикалық мамандық бойынша жаңа білім беру бағдарламаларының мазмұны талқыланды. Мектеп бағдарламасының мазмұнының өзгеруіне байланысты жаңа бағдарламалардың құрастыру қажеттілігі туындады. Бағдарламаларды талқылауға құрастырылған РОӘК ОӘС - тың «Білім беру» мамандықтар тобына біздің университетіміздің профессор - оқытушылар құрамымен қатар Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА, АБҚ «Назарбаев Интеллектуалды мектеп» қызметкерлері, бірқатар университеттердің өкілдері кірді.


Жаңа білім беру бағдарламаларының ішінде «5В011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» және «5В012200 - Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары қарастырылды. Бағдарлама бойынша жұмысты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессорлары Сәуле Әбішева, Зинаида Поляк және Айымгүл Казкенова жүзеге асыруда. 15-17 ақпан аралығында бұл бағдарламалардың талқылауына бірқатар университеттер профессорлар- әріптестеріміз де қатысты: Евгения Журавлева (Л.Н. Гумилев атындағы Евразиялық Ұлттық Университеті), Лейла Мирзоева (Сүлейман Демирель атындағы Университет), Сауле Жарбулова (Кызылординский государственный университет имени Қорқыт Ата атындағы).


Білім беру бағдарламаларының мазмұны мен құрылысы бойынша бірлескен талқылау нәтижелі өтті: өзге университеттердегі әріптестеріміз өз тәжирибелері жөнінде баяндап, педагогикалық ЖОО-ндағы болашақ орыс тілі мен әдебиеті оқытушыларын даярлау жайындағы өз көзқарастарымен бөлісті. Бағдарламалар бойынша жұмыс бірнеше айға ұласуда.

 

 

 




Кері оралу