қазақша · русский · english
 
 
 
20.03.2018

 

«Тіл білімінің сапасын арттыру мақсатында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» университет аралық дөңгелек үстел өтті

 

2018 жылдың 19 наурызында «Тіл білімінің сапасын арттыру мақсатында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбында университет аралық дөңгелек үстел өтті.

 

Халықаралық Ақпараттық технологиялар университеті, Алматы технологиялық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқытушылары «Тіл білімінің сапасын арттыру мақсатында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты. Талқылаудың басты тақырыбы Қазақстан Республикасының тіл білімінің сапасын арттыру мақсатымен байланысты болды.

 

Дөңгелек үстелдің қатысушылары қазақ тілді аудиторияға орыс тілін оқытуға қатысты бірқатар мәселелерді талқылады. Тақылау барысында заманауи педагогикалық технологияларды қолдану білім алушылардың ынтасын арттыратыны, өз бетімен білім алуға деген құштарлықты оятатыны және өзіндік дамудың басқаруын жетілдіретіндігі туралы ой түсінігіне қол жетті.

 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің қауымдастырылған профессоры Динара Алиева - «Интерактивное обучение русскому языку как средство развития профессионально-познавательной активности студентов неязыкового вуза» баяндамасында «Омега-мэппинг» жаңа технологиясын ұсынды. Аталмыш технологияны қолдану күрделі білім беру жағдаяттарында толық шешуге жол табуға көмектеседі.

 

Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ассистент-профессоры Руфат Бавдинов - «Кино как инструмент обучения на занятиях по русскому языку в неязыковом вузе» баяндамасында студенттердің ой-өрісін кеңейту үшін көркем фильмдерді көрудің орнын ерекше атап өтті. Көрген фильмге құжаттама құру, презентация дайындау, фильмнің негізгі сәттерін сипаттау, екі биографиялық фильмдерді салыстыру және т.б. тапсырмалар тіл арқылы студенттерді өнерге жақындастыруға мүмкіндік беретіндігін баяндап берді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Практикалық тілдер кафедрасының профессоры Бақытгүл Жұмағұлова - «Применение приема кластер для систематизации и обобщения учебного материала» баяндамасында аталмыш тәсілдің әмбебаптығын айтып, сонымен қатар оны сабақ берудің түрлі кезеңдерде қолдануға болатындығы туралы айтып берді.

 

Алматы технологиялық университетінің Мемлекеттік және шетел тілдер кафедрасының профессоры Махинур Низамова «Повышение качества языковой подготовки студентов технических вузов посредством интерактивных методов обучения» тақырыбындағы баяндамадасында студенттердің орыс тіліне деген қызығушылығын тудыратын ойын технологиясына назар аударды.

 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының аға оқытушысы Алмагүл Нұрқасымова «Совершенствование различных видов речевой деятельности» тақырыбындағы баяндамасында студенттермен оқу, жазу, тыңдау және сөйлеу алгоритмдері қамтылған жұмыстармен таныстырып өтті.

 

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Қазақ тілі және әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі Наталья Савчиц және аға оқытушы Шолпан Исмаилова «Современные методы организации работы СРС» баяндамасында студенттердің өз бетімен білім алу үлгілерін қарастырды. СӨЖ-дің түрлі кезеңдерінде «Moovie marker» және «Eclipse Crossword» бағдарламасын қолдану тиімді екені айтылды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ -дың Практикалық тілдер кафедрасының профессоры Акжан Чингисова «Коммуникативно-интегративная технология обучения русскому языку студентов филологических специальностей» тақырыбындағы баяндамасында аталмыш технологияның стратегиясын, мазмұнын, принциптерін және негізгі әдістерін сипаттады.

 

Дөңгелек үстел барысында жанды пікір алмасу өтті және баяндамашыларға сұрақтар қойылып, одан әрі ынтымақтастықты жалғастыруға бағытталған тілектер айтылды.

 

Практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі Розалинда Шаханова дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай, осындай университет аралық шараны ұйымдастыру білім беру үдерісінің өзекті мәселелері бойынша тәжірибе алмасуға, сондай-ақ жаңа ақпарат алуға үлкен мүмкіндік беретіндіген атап өтті. Дәстүрге айналған мамандардың кездесуі әрқашанда тиімді, әрі құнды.

 

  

 

  

 

  

 

 




Кері оралу