қазақша · русский · english
 
 
 
04.04.2018

«Жаңартылған білім мазмұны контекстінде критериалды бағалаудың теориялық негізі мен құрылымы» ғылыми-әдіснамалық семинар

 

2018 жылдың 2 сәуірінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 90 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған «Ғылым онкүндігі - 2018» жоспары аясында «Жаңартылған білім мазмұны контекстінде критериалды бағалаудың теориялық негізі мен құрылымы» тақырыбында ғылыми-әдіснамалық семинар өтті. Семинарды қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының профессоры, Жаңалық Балтабаева жүргізді.

 

Ғылыми-әдістемелік семинардың басты мақсаты - ЖОО-да болашақ педагогтарды даярлайтын оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға жаңартылған білім мазмұны мен критериалды бағалау жүйесін таныстыру, докторанттар мен магистранттардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру болды.

 

Семинарға Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, университеттің ҒЗЖ, СҒЗЖ және жаңартпа бөлімінің бастығы Гүлзада Байымбетова, Қазақ тілі теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жанат Дәулетбекова, кафедра оқытушылары мен магистранттар, докторанттар қатысты.

 

       

 

       

 

     




Кері оралу