Өндірістік практика - кәсіби құзіреттілікке бастайтын қадам
2018 жылдың 5 сәуірі күні Филология және көптілді білім беру институтында 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті», 5В012100 - «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті», 5B020500 - Филология» мамандығының 4-курс, 5В011700 - «Қазақ тілі мен әдебиеті» 3 жылдық 3-курс студенттерінің қатысуымен «Өндірістік практика - кәсіби құзіреттілікке бастайтын қадам» тақырыбында есеп беру конференциясы өтті.
Конференцияға оқу ісі жөніндегі проректор Асан Сәтмырзаев, мәнсап бөлімінің қызметкері Шолпан Жантілеуова, Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, кафедра меңгерушілері мен институт әдіскерлері қатысты.
Конференцияның ашылу салтанатын Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы ашып, әр мектептерден келген пән мұғалімдеріне ерекше алғысын білдірді. Конференцияда 4-курс студенттері педагогикалық практика кезінде істеген жұмыстарынан бейнематериал көрсетіп, регламент бойынша кезектесіп өздерінің практикадан жинаған тәжірибелері мен ұсыныстарын айтты. Сонымен қатар студенттер алғашқы ұстаздық қадамдары жайлы өз ойтолғауларын ортаға салды. Институт тарапынан ұйымдастырылған «Үздік ашық сабақ» номинациясы бойынша 9 студенттің сабағы әдіскерлер тарапынан жоғары бағаланып марапатталды. Қазақ тілінің теориясы және әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жанат Дәулетбекова студенттердің практикадағы жетістіктерін айтып, өткізілген «Жалпы орта білім беру жүйесіндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің жаңартылған оқу бағдарламалары: оқу-әдістемелік ерекшеліктері» семинар-тренинг сертификаттарын табыс етті.
Конференцияның жабылуы қонақтармен естелік суреттерге түсумен аяқталды.