Филология факультеті |
11.04.2018
Тіл мамандарының ғылыми форумы
2018 жылдың 6 сәуір күні әл - Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Тіл туралы ғылым және тіл ғылымы» тақырыбында ОТӘОХА вице-президенті, ҚОТӘОБ президенті, ҚР социолингвистика ілімінің жетекшісі, профессор Элеонора Сүлейменоваға арналған ғылыми-практикалық конференция өтті.
Бұл іс-шара ҚР-ның Ұлттық академиялық кітапханасының негізіндегі Қазақстанның ұлттар Ассамблеясының ғылыми-сарапшылық кеңесінің қамқорлығымен 2017 жылдың қыркүйек айында басталған «ЗАМАН ЖӘНЕ ТҰЛҒА» Нобайлы сипозиумның үшінші семинарлар циклі болды.
Бұл форумда жаһандық мәселелер: жаңа гуманитарлық білім беру парадигма заманындағы тілдер мен мәдениеттер және техногендік замандағы филологиялық ғылымдар қарастырылды. Конференция жұмысына ҚР-ның ғалымдарымен қатар, жақын (Ресей: МГУ мен РУДН) және алыс (Түркия: Анадолы университеті) шетел ғалымдары белсене қатысты.
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының мүшелері де форум жұмысына қатысты. Профессор Манат Мусатаева «О контекстном подходе в имиджеобразующем дискурсе» тақырыбында пленарлық отырыста, аға оқытушы Малика Аймагамбетова «Трансформированные пословицы и поговорки в заголовках казахстанских газет» және 2 курс докторанты Айжан Нусупбекова «Преемственность традиций в лингводидактике» тақырыбындағы баяндамалар жасады.
Конференция өте жоғарғы ғылыми деңгейде, өте қызықты және жемісті өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|