қазақша · русский · english
 
 
 
10.04.2018

4 курс студенттерінің педагогикалық тәжірибесі бойынша қорытынды конференция

 

2018 жылдың сәуірдің 5 күні ректормен бекітілген кесте бойынша Филология және көптілді білім беру институтында педагогикалық практикадан өткен студенттердің қорытынды конференциясы өтті.

 

Конференцияға Филология және көптілді білім беру институтының директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, педагогикалық практикаға және конференцияға жауапты адамдар қатысты.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасын профессор Сәуле Әбішева, әдіскерлер: Шырын Кожакеева, Лариса Эглит, Маллика Аймагамбетова, Мадина Абаева, Елена Ломова, сонымен бірге оқытушылар мен студенттер таныстырды.

 

Педагогикалық тәжірибе жетекшісі Шырын Кожакеева № 12, № 35 гимназияларда, №33 мектеп-лицейінде тәжірибеден өткен және Алматы қаласы бойынша мектептерде жұмыс істеп жүрген студенттер туралы мағлұмат берді.

 

Студенттер презентация түрінде өткізген тәжірибеден өту жайындағы есептерінде педагогикалық жұмыстың негізгі бағыттарын бейнеледі. Жұмыс кезінде студенттер өз эрудицияларын, шығармашылық қабілеттерімен танытып, жаңа технологиямен және аудивизуалдық оқыту әдістерімен қолдана алатындарын көрсетті.

 

№12 гиманзиясындағы практиканттардың «Студент-практикант өмірінен бір күн» фильм-ролигі аудирорияны қатты қызықтырды. Басқа студенттер жаңа оқыту бағдарламалар туралы, орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылған интерактивті әдістер жайлы және критикалық ойлауды дамыту тәсілдері жөнінде баяндама жасады. Осының бәрі сабақтарда жасалынған қысқа видео, фотолармен, көрнекі оқу құралдарын көрсетумен, схема, кестелер және жазушыларлың портреттерімен қоса жүрді. Сонымен қатар, презентацияға студент-практиканттар туралы ұстаздар мен оқушылардың пікірлері де қосылған.

 

Профессор Сәуле Әбішева өзінің қорытынды сөзінде педагогикалық практиканың негізгі қорытындысы студенттердің ұстаз болам деп, жасаған таңдаулары дұрыс екеніне көз жетуі, өзінің өмірін әлемдегі ең адамгершілік қызметке, яғни адамды тәрбиелеуге арнау. Кафедра меңгерушісі Дарья Лукина мен Гаухар Уразалиеваға алхыс хат тапсырды.

 

       

 

       

 

 

       




Кері оралу