қазақша · русский · english
 
 
 
27.04.2018

«Кәсіби сөз мәдениеті - менің мамандығымның сөйлеу үлгісі. Сын пікір» ашық сабағы

 

2018 жылдың 26 сәуірінде Жаратылыстану және география институтында практикалық тілдер кафедрасының аға оқытушысы Алмагүл Шынтемірова «Орыс тілі» пәні бойынша «Кәсіби сөз мәдениеті - менің мамандығымның сөйлеу үлгісі. Сын пікір» тақырыбында 1 курс студенттерінің арасында ашық сабақ өткізді.


Ашық сабақта комиссия мүшесі Шетел азаматтарына арналған филологиялық мамандықтар және жоғары оқу орны дайындық кафедрасының доценті Виталия Казабеева, практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі Розалинда Шаханова және практикалық тілдер кафедрасының оқытушылары қатысты. Сабақта ішінара іздеу, ауызша және проблемалық әдістер қолданылды; интерактивті (синквейн, блиц-сұрақ, миға шабуыл, коммуникативтік тренинг, топтық жұмыс) және әртүрлі бағдарланған тәсілдер қолданылды.


Студенттердің тілдік және жалпы мәдениетін жақсарту үшін мәтінмен үлкен жұмыс жүргізілді: жаңа сөздердің мағынасын түсіндірілді, сөз тіркестер және сөйлемдер құрастырылды.


Ашық сабақ барысында әртүрлі тәсілдер пайдаланылды: сөздік жұмысы, тренингтер, топтар бойынша шығармашылық жұмыс,синквейн құрастыру, бақылау сұрақтарына жауап беру, сұрақ-жауап, сабақты қорытындылау, үй тапсырмасы.


Студенттер сын-пікір құрастырудың принциптері мен ерекшеліктерін меңгерді. Сабақтан кейін комиссия мүшелері мен кафедра оқытушылары Алмагүл Шынтемірованың ашық сабағын талқылады.

 

       

 

       




Кері оралу