қазақша · русский · english
 
 
 
01.10.2018

Жаңа уақыт - білімнің жаңа мазмұны

 

2018 жылдың 17 - 28 қыркүйек аралығында, Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Педагогикалық шеберлік орталығында Қазақстан Республикасындағы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдерді оқытатын жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру мақсатында п.ғ.д., проф. Гүлмира Қажығалиева және филология ғылымдарының докторы, проф. Базытгүл Жұмағұлова 80 сағаттық курстарын тамамдады.


Педагогикалық шеберлік сабақтары Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушыларына «университет - мектеп» байланысын, сондай-ақ мектептегі білім берудің жаңартылған мазмұнын қамтамасыз етудің өзектілігіне тағы да көз жеткізуге мүмкіндік берді. Атап айтқанда, мектептегі білім берудің жаңа үлгісінде маңызды рөл атқаратын белсенді оқыту әдістерінің әлеуеті айқын көрсетілді.


Ғалым-әдіскерлер курстарда алған білімдерін өз әріптестерімен бөліспек.

 

   

 

   

 

  




Кері оралу