қазақша · русский · english
 
 
 
11.10.2018

Ғылыми жоба аясындағы ынтымақтастық


«Қазақстандағы көптілді білім беру жағдайындағы болашақ пән мұғалімдерінің тілдік оқытудың құзыретті-коммуникативтік моделі» ғылыми жобасын іске асыру мақсатында педагогика ғылымдарының докторы, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Гульмира Қажыгалиева Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, «Дәуір және адам» ғылыми-білім беру жобасы және Қазақстандық орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Тіл. Қоғам. Уақыт» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының жұмысына қатысты. Конференция 3-8 қазан аралығында Шымкент қаласында өтті.

 

   




Кері оралу