қазақша · русский · english
 
 
 
22.10.2018

Елбасының Жолдауын талқылау

 

Ағымдағы жылдың 19 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының студенттері Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауын талқылады.

 

Аталмыш жолдауды талқылау шарасын өз кеңесшісі басшылығымен «Орыс тілі мен әдебиеті - 5В0118800» мамандығының 1-курс студенттері ұйымдастырды. Талқылау барысында сөз алған бірінші курс студенттері Президент Жолдауындағы білім саласына қатысты тараулар бойынша өз ойларымен бөлісті. Студент жастар неліктен мектепке дейінгі білім сапасын түбегейлі көтеру керек екендігін өздері көзі жеткен, күнделікті өмір тәжрибелері негізінде көрсетуге тырысты сондай-ақ, орта мектепте білім сапасын бағалаудағы жаңа жүйенің артықшылықтарын, жоғары білім саласында мамандарды дайындау сапасын арттыруға қойылатын талаптар қалай болмақ деген мәселені қозғады.

 

Болашақ ұстаздар үшін әсіресе Елбасының алдымыздағы жылы «Мұғалімнің мәртебесі туралы» Заң қабылдауды ұсынуы өте өзекті болды.

 

Талқыланып отырған тақырып жастардың көңілінен шықты, және бұл ең көкейкесті, көптен күткен Жолдау студенттердің ынта-жігерін арттырып, білімге құлшыныс, болашаққа сенімін арттырды.

 

Елбасының Жолдауында айтылған міндеттерді, шешу біздің еншімізде!

 

   




Кері оралу