қазақша · русский · english
 
 
 
23.11.2018

Біздің студенттеріміз Слупск қаласының Помор академиясында


Абай атындағы ҚазҰПУ мен Слупск қаласындағы Помор академиясының (Польша) серіктестінің нәтіжесінде біздің университеттің алты студенті шетелде білім алуда. Олардың төртеуі Академиялық бейімділік негізінде Гульсезим Уалихан мен Мадина Молдагали «5В(6М)012200 - орыс тілі мен әдебиетін орыс тілінде оқытпайтын мектептерде», Индира Кулжабаева «5B011900 - Шетел тілі», Жәмила Жекiбаева «5В011000 - Физика» мамандығы бойынша семестрлік оқуға жіберілген.


«5В(6М) 011800 - орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының студенті мен магистранты Анел Абдрахманова, Анна Балханова қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша білім алуда. Студенттер мен магистранттар өзге елдің жоғары оқу орнында оқып, тәжірибе жинап, өздерінің кәсіби ой-өрісінің кеңеюіне берері мол, бұл мүмкіндікті тиімді пайдалануға тырысуда. Шет мемлекетте оқудың өзі олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз.


2018 жылдың қарашасында орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттары бағдарламаға сай Помор академиясы қабырғасында 10 күндік ғылыми тағылымдамадан өтуде.


Польшада Қазақстандықтардың саны артта түсті!

 

   

 

   

 

  




Кері оралу