қазақша · русский · english
 
 
 
25.12.2018

Санкт-Петербургтегте өткен тағылымдама

 

2018 жылдың желтоқсан айында Санкт-Петербургтегі Жоғары экономика мектебінің салыстырмалы әдебиет және тіл білімі кафедрасының шақыруы бойынша, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева осы университеттің гуманитарлық факультетінде тағылымдамадан өтті. Кафедра меңгерушісінің орынбасары, профессор Евгений Казарцев Алматыдан келген қонаққа жұмыс бағдарламасын ұсынды.


«ЖОО үздік оқытушысы» гранты бойынша өткізілген тағылымдамадан өту барысында Сәуле Әбішева Ресейдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінің жұмыс ерекшеліктерімен танысып қана қоймай, сонымен қатар дәріс оқып, ғылыми семинар өткізді. Ресейлік әріптестер мен студенттер қазақстандық профессордың «Қазіргі Қазақстандағы тілдік жағдай» және «Орыс поэзиясын шығыс ірімдері. А.Л. Жовтис мектебі» тақырыбында зерттеу жұмыстарына үлкен қызығушылық танытты.

 

  




Кері оралу