қазақша · русский · english
 
 
 
11.01.2019

Соңғы курс студенттерінің педпрактикасы бойынша бекіту конференциясы

 

«Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4-курс студенттеріне арналған педагогикалық практика бойынша бекіту конференциясы 2019 ж. 9-қаңтарында өткізілді. Оның бірінші, жалпы институттық бөлігін ИфиПО педагогикалық практикасының жетекшісі, пед. ғ. к., доцент А.К. Рауандина өткізді. Студенттер алдында «Карьера» орталығының өкілі, сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, пед. ғ. д., профессор К.О. Есенова, пед. ғ. д., осы кафедраның профессоры Т.К. Жумажанова сөз сөйледі.


Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педпрактика жетекшісі, пед. ғ. д., профессор Г.А. Қажығалиева өткізген бекіту конференциясының екінші бөлігінде студенттер тәжірибе практика тақырыбен, мақсатымен, міндеттерімен, мерзімдерімен таныстырылды; тапсырмаларды сәтті тапсыру үшін әдістемелік нұсқаулар және есептік құжаттама тізімдемесі мен оларды тапсырудың нақты мерзімдері туралы ақпарат алды.


Сонымен қатар студенттер практикада тәртіп сақтау бойынша нұсқамадан өткізілді, білім беру мекемесінің ішкі жарғысымен таныстырылды. Оқытушы-әдіскерлер мектептерге тән өзіндік ерекшеліктерге қарай жекелелеген өзгешеліктерді егжей-тегжейлі түсіндірді, студенттердің сауалдарына жауап берді.

 

   

 

   




Кері оралу