|
| |
09.04.2015
Жолдау талқыланды
2015 жылдың 26 сәуірінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өткелі тұр. Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиев және Практикалық тілдер кафедрасының қызыметкерлері-кафедра меңгерушісі, доцент Г.П.Шаһарман, Б.С.Жұмағұлова доцент З.А. Өмірзақова, Г.І.Жақанова В.Е. Абаев және т.б оқытушылар студентермен «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Бас қосуда сөз алғандар «Нұрлы жол-бұл білім жүйесінің ауқымды көкжиегі» тақырбына кеңінен тоқталды. Жолдауды қолдау мақсатында Елбасының еліміздің алдына қойған түйткілді мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасты. « Әлеуметтік-экономикалық жаңарту-Қазақстан дамуының басты бағыты» тақырыбы бойынша жетекшілер ата-аналармен әңгіме жүргізді. Филология институтының директоры Б. Әбдіғазиев Елбасы жолдауы бойынша кішігірім баяндама жасады. «Елбасының Қазақстан халқына жолдауы -әрбір адамның, әрбір отбасының және барша халықтың жетістіктерге жету жолындағы сенімді әрі оңтайлы құжат болып табылады. Сондықтан жолдаудың іске асуы үшін отанымыздың гүлденіп көркейю үшін әрқайсымыз өзіндік үлес қосуға міндеттіміз»,- деді Б.Әбдіғазиев. Дөңгелек үстелде Педагогика және психология институтының 1курс студенті Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Себеш Айбек, Биология мамандығының 1курс студенденті Ермахан Айнұр, «Халықаралық құқық» мамандығының 1курс студенті Базарбаева Нұржамал, «Құқықтану» мамандығының 1курс студенті Мирал Азат, «Ақпараттық жүйелер» мамандығының 1курс студенті Мұқан Әйгерім , ППИ мамандығының 1курс студенті Жетен Махаббат баяндамалар жасады. Кафедра меңгерушісі Г.П. Шаһарман дөңгелек үстел мәжілісіне белсене қатысқан студенттерге алғыс айтты.
Кері оралу
|
|
|