қазақша · русский · english
 
 
 
02.04.2019

Оқушылардың республикалық олимпиадасында

 

2019 жылжың 26-28 наурыз күндері Қызылорда қаласында 10-11 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық пәндік олимпиада өтті.


Бұл іс-шараның мақсаты филологияға қызығушылық танытқан дарынды студенттердің қабілетін анықтау, қолдау және дамыту болып табылады.


Республикалық конкурстың қазылар алқасы республиканың жетекші жоғары оқу орындарының ғалымдарынан құралды. ҚазҰПУ орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары кафедра меңгерушісі профессор, филология ғылымдарының доктор Сәуле Әбішева, ф.ғ.к. Галина Қадырова, ф.ғ.к. Гүлнұр Байшұқұрова орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қазылар алқасының мүшелері болды.


Олимпиада 3 кезеңнен тұрды: 1 кезең (эссе), 2 кезең (орыс тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша тапсырма), 3 кезең (ораторлық шеберлік).


Олимпиаданың қорытындысы бойынша барлық жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталды, ғылыми жетекшілер Олимпиадаға қатысқаны туралы сертификаттармен, сондай-ақ естелік кәдесыйлармен марапатталды.

 

   




Кері оралу