қазақша · русский · english
 
 
 
27.05.2015

Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педогогикалық Университеті
Филология институты Практикалық тілдер кафедрасында өткізілген
«Қазақ хандығының 550 жылдығы: хронологиясы мен кезеңдері»
атты дөңгелек үстелдің өтілу барысы туралы

ЕСЕП


Филология институтының тәрбие жоспарында бекітілген бағыт бойынша Практикалық тілдер кафедрасында 22 сәуір күні сағат 11.00-де 406- аудиторияда «Қазақ хандығының 550 жылдығы: хронологиясы мен кезеңдері» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Қатысушылар:
1. Практикалық тілдер кафедрасының оқытушылары, филология институтының жас ақын студенттері Роза Тәжібаева және Исакаев Жасұлан.
2. Шақырылған қонақтар: Филология институты директоры ф.ғ.д..,профессор Б.Әбдіғазиұлы, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Б.Нүптекеева , Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары : т.ғ.к.,аға оқытушы Т.Ә.Нұрпейіс , т.ғ.к.,доцент Г.А. Менилбаев
және баяндамашы студенттер.
Қаралған мәселелер: «Қазақ хандығының 550 жылдығы: хронологиясы мен кезеңдері» туралы тың деректермен студенттерді таныстыру және пікір алмасу.
Модератор:
Сөз сөйлегендер: халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары: Т.Ә.Нұрпейіс, Г.Ә.Менилбаев және т.б.
Қорытынды: Филология институтының тәрбие жоспарында бекітілген бағыт бойынша Практикалық тілдер кафедрасында 22-сәуір күні сағат 11.00-де «Қазақ хандығының 550 жылдығы: хронологиясы мен кезеңдері» атты дөңгелек үстел өте қызықты және тартысты пікірсайыстарға толы жүргізілді. Қолданылған слайдтық жұмыстар мен тарихи қаралған мәселелерді студенттердің көзқарасына жағымды да, дәлелді сөйлеуге бағыттай білді.
Шешім қабылданды: «Қазақ хандығының 550 жылдығы: хронологиясы мен кезеңдері» атты дөңгелек үстелге қатысушыларға, шақырылған қонақтар мен студенттерге белсенді қатысқандарына алғыс айтылып, студенттерге тарихи оқиғаларға жаңа көзқарастарын жетілдіре беру ұсынысы жасалынды.

Практикалық тілдер кафедрасының
аға оқытушысы Жақанова Г.І.


Практикалық тілдер кафедрасының
меңгерушісі, ф.ғ.к.доцент Шаһарман Г.П.

«Қазақ хандығының 550 жылдығына» тақырыбындағы
дөңгелек үстелдің

БАҒДАРЛАМАСЫ:

 

Уақыты: 22 сәуір 2015, 11:00
Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық көшесі, 13; бас ғимарат № 406 дәрісхана

Ұйымдастырушылар: Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университеті , Практикалық тілдер кафедрасы.
Дөңгелек үстел мақсаты: Қазақ хандарының 550 жылдық тарихын білуге қызығушылығын арттыру, халықтық мәдени мұраларды оқыта отырып ұлтжандылықты қалыптастыру.
Регламент: Баяндамашыға 5-7 минут, жарыссөзге 3-5 минут, талқылауға 5 минут.
10.30-11.00 Қатысушыларды тіркеу.
Дөңгелек үстелдің мақсаты: Қазақ хандарының 550 жылдық тарихын білуге қызығушылығын арттыру, халықтық мәдени мұраларды оқыта отырып ұлтжандылықты қалыптастыру.
11.00-11.20 Дөңгелек үстелдің ашылуы: Филология институтының директоры, ф.ғ.д.,профессор Б.Ә. Әбдіғазиев сөйлейді, Практикалық тілдер кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к.,доцент Г.П.Шаһарман сөйлейді, тарихшы ғалымдарға Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушылары : т.ғ.к.,аға оқытушы Т.Ә.Нұрпейіс , т.ғ.к.,доцент Г.А. Менилбаевтарға сөз беру.

1. Модератор: Армысыздар, бүгінгі дөңгелек үстелге жиналған оқытушылар, студенттер! Мемлекеттің басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жылы Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл толғанын және ол тарихи датаны айрықша атап өтетінімізді мәлімдеді. Бұл - қалың қазақты бір жасатып тастады.
Бүгінгі тақырып - Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осы ерекше датаның бүгінде мәні мен маңызы қандай? Дүбірлі той өз деңгейінде аталып өтуі үшін біз қандай үлес қоса аламыз? Ендігі кезекте дүбірлі тойға деген жыр шашуын тыңдасақ деген ниетпен филология институтының 3-курс студенті Исакаев Жасұланды шақырайық.
2.Модератор: 1456 - шы жылы Алтын Ордадан бөлініп шыққан Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергені тарихтан аян. «Қазақ» деп ұран тастағанда рухы көтеріліп, намысы оянған барлық қазақ тайпалары түгел жиналып, Қазақ хандығының іргесін қалағанын баршамыз білеміз. Әлбетте, одан кейін тағдыр сан түрлі сынаққа салды бізді. Үш ғасыр тарихымыз бен ар - ожданымыз табанға тапталды. Түрлі нәубетті бастан өткердік. Бірақ, мың өліп ,мың тірілген қазақ ақыры азаттығын алды. Ал, Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өту - сол азаттық сыйлаған бабаларға деген құрмет болса керек.Келесі сөз кезегін Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы т.ғ.к.,доцент Ғани Абылайұлы Менилбаевқа сөз береміз. 3.Модератор: Баяндамаңызға көп рахмет. Тыңдаушылар тарапынан қойылатын сұрақтар бар ма?
4. Филология институтының 1-курс студенті Роза Тәжібаеваны ортаға шақырайық.
Керей мен Жәнібек 1465 жылы алғашқы хандықты құрды, қазақтың мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алды ма?
Хандықтың құрылуының бүгінде маңызы қандай?
Бәлкім, ол бүгінгі шекарасындағы, бүкіл әлемге осынша танымал әрі беделді, осы ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. Әрине, ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды, біз - бабаларымыздың ұлы істерінің жалғастырушыларымыз. Бүгінде біздің еліміз барлық таяу мемлекеттермен көп ғасырлық достық және тату көршілестік дәстүрлерін сақтап отыр. Келесі сөз кезегін Халықаралық қатынастар кафедрасының оқытушысы т.ғ.к., Талдыбек Әліұлы Нұрпейіске береміз.
5.Модератор: Министрлік торқалы тойды Қазақ хандығы жайлы тарихи сериал түсірумен бастамақ. Бұдан бөлек, 550 жыл толған мемлекеттігіміздің тарихын әлемге паш ету мақсатында Мажарстанмен бірлескен «Алтайдан Дунайға дейін» деп аталатын халықаралық экспедиция ұйымдастырылып, неміс ғалымдарымен бірлескен археологиялық қазба жұмыстары жүргізілетіні де мәлім болды. Сондай - ақ, Қазақ мемлекеттігінің 550 жылдық мерейтойы республикалық және халықаралық деңгейдегі спорттық шаралар арқылы да ұлықталатындығын да білеміз. Енді 4-курс студенті Мантай Гүлжайнаның орындауында «Ескендір» поэмасынан үзінді тыңдаңыздар.

Баяндамалар:
1. 11.40-11.45- Кентаева Айдана 1- курс, Көптілді білім беру институты; екі шет тілі; жетекшісі филология ғылымының кандидаты М.С Алибаева
Тақырыбы: Қасым хан .
2. 11.45-.11.50 - Жетен Махаббат 1- курс, ПиП; жетекшісі аға оқытушысы Г:І Жақанова
Тақырыбы: Есимхан.
3. 11.50-11.55 Оразова Айгерім 1- курс,Көптілді білім беру институты; екі шет тілі;жетекшісі филология ғылымының кандидаты М.С Алибаева
Тақырыбы: Тәуке хан
4. 11:55-12:00 Мусалим Шолпан 3-курс, Филология институты; қазақ тілі мен әдебиеті ; жетекшісі аға оқытушысы Г.І. Жақанова
Тақырыбы: Абылай хан
5. 12.05-12.10 Аралбаева Салтанат 1- курс, ПиП; дефектология ; жетекшісі аға оқытушы А.Б Жангираева
Тақырыбы: Әбілхайыр хан
6. 12.10-12.15 Төребаев Мурад 3-курс , Филология институты ; қазақ тілі мен әдебиеті ; жетекшісі ф.ғ.к., аға оқытушы З.Ж Османова
Тақырыбы: Бөкей хан
7. 12.15-12.20 Қуаныш Сейтжан- 1- курс , Филология институты ,қазақ тілі мен әдебиеті; жетекшісі ф.ғ.к.аға оқытушы З.Ж. Османова
Тақырыбы: Уәли хан
8. 12.25-12.30 Айбасов Еркебұлан -1 курс ,Тарих факультеті ; жетекшісі ф.ғ.к., доцент С. Нұрғали
Тақырыбы: Тәуке хан
9. 12.30-12.40 Серікбай Асель -1 курс , Тарих факультеті жетекшісі ф.ғ.к., доцент С. Нұрғали
Тақырыбы: Хакназар хан
10. 12.40-12.45 Советова Сабина , ПиП; дефектология 1-курс ; жетекшісі аға оқытушы А.Б Жангираева
Тақырыбы: Хан Кене
11.12.45- 12.50 Нуридин Әсел,ПиП;дефектология 1-курс ;жетекшісі ф.ғ.к.,доцент Г.П.Шаһарман Тақырыбы: Хандық дәуірдің Қазақстан тәуелсіздігінде алатын орны.

 




Кері оралу