қазақша · русский · english
 
 
 
12.04.2019

Халықаралық пікірталас алаңына іссапар бойынша есеп-презентация

 

2019 жылдың 10 сәуірінде біздің университетте өткізілгенген ғылым Декадасы аясында PhD докторы Алла Жүндібаева және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының екінші курс студенттері А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің шақыруы бойынша үстіміздегі жылдың 26-31 наурыз күндері аралығында Санкт-Петербургте өткізілген «Балаларға қанат бітіретіндей кітаптар» халықаралық пікірталас алаңына қатысқандығы туралы есеп-презентациясын өткізді.


Шара барысында студенттер Александра Лебедева, Арай Нүсіпбекова және Анастасия Потапенко Санкт-Петербургтегі өткілген шара аясында балалар әдебиеті бойынша ғылыми семинарға қатысқандығы және семинар барысында талқыланған өз жұмыстары туралы ғылыми баяндама жасады.


Студенттер Диана Сартбаева, Алина Афанасьева, Айнұр Шерниязова және Дарья Карамшук Ресей Федерациясының солтүстік астанасында болған уақытта алған әсерімен бөлісті және пікірталас платформасының ғылыми-мәдени бағдарламасының барлық бағыттары туралы мәлімет берді.


Осы іссапардың барлық қатысушылары Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығына және орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі С.Ж. Әбішеваға, сондай-ақ А.И. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің Балалық шақ институтына, институт доценті Мария Костюхинаға айтулы халықаралық іс-шараға атсалысу мүмкіндігі үшін өз ризашылығын, шексіз алғысын білдірді.


Алла Жүндібаева бұл шараның студенттер және тұтастай алғанда университет үшін ғылыми маңыздылығын айта келіп, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға тілек білдірді.


Іс-шараның соңында сөз алған кафедра меңгерушісі С. Әбішева университеттің филология факультетіндегі филологиялық дәстүрлерін жандандыруға қуанышты екендігін білдіріп, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология және көптілді білім беру институтында бұл үрдіс әлі де болса жалғасады деген үмітін білдірді.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу