қазақша · русский · english
 
 
 
03.05.2019

Кафедра профессоры Ресей жоғары оқу орындарын бітіруші қазақстандықтардың халықаралық форумында

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының профессоры Манатгүл Мұсатаева Ресей Ғылым және мәдениет Орталығы, «Ресей жоғары оқу орындарын бітірушілер» Қазақстандық қоғамдық бірлестігі, «Заман және тұлға» ғылыми-ағартушылық жобасы бастамасымен 2019ж. 26-29 сәуір күндері Нұр-Сұлтанда өткен Ресей жоғары оқу орындарын бітіруші қазақстандықтардың халықаралық форумы жұмысына қатысты.


Форумның басты мақсаты:
1) қалыптасқан рухани және адами байланыстарды сақтау және нығайту;
2) жалпы мәдени және біліми кеңістікті қолдау, дамыту;
3) мемлекеттердің қауіпсіздігі мүддесін және тұрақты дамуын қорғау;
4) жалпы адами құндылықтар мен толеранттық, бірлік, достастық және келісім принциптері аясын кеңейту.

 

Форум аясында ғылыми конференция, дөңгелек стол, шеберлік-кейс, шеберлік-сыныптары өткізілді. Сондай-ақ, куәлік, сертификаттар тапсыру салтанаты өткізілді. Профессор Манатгүл Мұсатаева ресейлік жоғары оқу орындарын бітірушілер Ассоциациясының мүшесі куәлігін алды.

 

   

 

  




Кері оралу