қазақша · русский · english
 
 
 
04.05.2019

Кафедра студенттері мен оқытушылары академик Т. Муминовтың дәрісінде

 

2019 жылдың 3 мамыр күні Сорбонна-Қазақстан Институты орыс тілі мен әдебиеті факультетінің оқытушылары мен 5В011800 мамандығы бойынша білім алушы 1 курс студенттері ҚР ҰҒА академигі, С. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медициналық Университеті фтизиопульмонология кафедрасының профессоры Талғат Момыновтың «аль-Фараби. Абай. Шекспир. Медицина» тақырыбында оқыған лекциясын тыңдады.


Бірнеше монография, оқулық авторы, ізгілік, медицина ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін Альберт Швейцар атындағы Алтын медальмен марапатталған ұстаз лекцияны үш тілде оқыды. Талғат Момыновтың лекциясындағы басты ой - әр тұлғаның өз ойын мәдени және әдеби мұрамен байытуына ықпал етуге саяды. Ұлы даланың ақыны Абай, ағылшынның ұлы қаламгері Шекспир, шығыс философиясының бірден-бір ірі өкілі әл-Фараби шығармаларының салыстырмалы талдауы ерекше әсерлі болды. Аталған шығармаларда адам жаны мен тәнінің тазалығы сөз болады.


Тыңдармандар сұрақтары лекцияның аса тартымды, мазмұнды болғандығын көрсетіпғ әркімнің өз ғылыми потенциалын арттыруына ықпал етеді.

 

   

 

   




Кері оралу