қазақша · русский · english
 
 
 
23.09.2019

А.П. Чеховтың поляк зерттеушісі кафедрада қонақта

 

2019 жылдың 19 қыркүйегінде Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында филология ғылымдарының докторы, Лодзь университетінің профессоры Ярослав Вежбинский дәріс оқыды.


Дәрісте А.П. Чеховтың шағын жанрларды талдау мәселелері қозғалды. Зерттеуші жазушының миниатюраларындағы дихотомияларды, интертекстуалдылықтың көріну сәттерін, семантика мен антонимдер контекстінде комик құрудың авторлық әдістерін қарастырды.


Студенттер, магистранттар, докторанттар және кафедра оқытушылары поляк профессорының дәрісін үлкен қызығушылықпен тыңдады және оның оқытушылық шеберлігі мен білімін жоғары бағалады.

 

 




Кері оралу