қазақша · русский · english
 
 
 
23.09.2019

Ұрпақтарды біріктірген әдеби кеш

 

2019 жыл мерейтойлық күндерге бай. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына дайындық басталды Ресейдегі Қазақстанның Мәдениет күндерін (2019 жылғы 7-11 қыркүйек), ТМД елдеріндегі Кітап жылын мерекелеу аясында 21 қыркүйекте Алматыдағы № 165 мамандандырылған лицейінде «Бәрі жүректен өтеді» тақырыбында кеш өтті. Кеш Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналды.


Лицей директоры Құралай Ошанова кітаптің адам өміріндегі маңыздылығын атап өтіп, мектеп оқушыларына кеш қонақтары ретінде таныстырды. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Сәуле Әбішева лицей оқушыларына ХХ көрнекті қазақ ақынының өлеңдері туралы айтып берді. С.Әбішеваның орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде жарық көрген, «М. Мақатаевтың поэтикалық әлемі» атты кітабы ғалымдар мен мектеп оқушыларының талқылауының тақырыбы болды.


Әдеби кештің құрметті қонағы Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Консулы, Қазақстан Республикасындағы Россотрудничествоның басшысы Ирина Переверзева әдебиет пен мәдениет қоғамды біріктіріп, этикалық және эстетикалық құндылықтардың негізін құрайтындығын атап өтті.


Жалпы адамзат болмысын заңдылықтарын түсінуге көмектесетін үлкен құрал әдебиет десек, ал әдебиетті адамзат жүрегіне сіңіретін осындай тартымды өткен - әдеби кештер. Лицей оқушыларын, мұғалімдерді, ғалымдар мен дипломаттарды поэзияға деген сүйіспеншілік біріктірді.

 

   

 




Кері оралу