қазақша · русский · english
 
 
 
06.11.2019

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған
мәнерлеп оқу байқауы


2019 жылдың 25 қазаны мен 2 қарашасы аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ және Оңтүстік Корея елшілігінің басшылығымен «Наследие диаспоры» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған Абай өлендерін мәнерлеп оқу байқауы өткізілді.


Бұл шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық Өнер академиясынан, Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжінен, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттер қатысып, ұлы Абайдың өлеңдерін мәнерлеп оқып, өнерлерін көрсетті. Айтулы іс-шараға Филология және көптілді білім беру институтының оқытушылары Гүлжиһан Шаһарман, Айжан Қартаева және Ерлан Қасенов қазылық етті.


Бұл айтулы дода қазақ және корей поэзиясы, қазақ және корей прозасы бойынша өткізілді.Жарыс қорытындысы бойынша поэзия жанрынан 1-ші орынды Филология және көптілді білім беру институтының 2 курс студенті Нұрлыбай Балнұр (жетекшісі Роза Бақбергенова), 2-ші орынды 1 курс студенті Мадина Түлеген (жетекшісі Дүйсембина Гүлсамал), 3-ші орынды Сымбат Алдоңғар (жетекшісі Майра Жүнісова), Жебе Түйебаев (жетекшісі Айгүл Әмірбекова), Әділбек Маржан (жетекшісі Қарлығаш Абиыр) иеленді.


Оңтүстік Корея елшілігі Филология және көптілді білім беру институтының студенттерінің өнеріне ризашылығын білдіріп, жүлделі орындарды арнайы сыйлықтарымен марапаттады.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу