Филология факультеті |
29.11.2019
Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында өткен ашық сабақ
2019 жылдың 28 қарашасында «6В02201 - Философия» мамандығының 101 тобында «Орыс тілі» пәнінен педагогика ғылымдарының магистрі, оқытушы Шілдекүл Қуанышбаева «Адам: сыртқы келбеті, мінез-құлқы, қарым-қатынасы» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақта түрлі әдістер мен технологиялар қолданылды. Студенттер тақырып бойынша өзекті мәселелер қозғалған жобаларын қорғады. Студенттердің ойлау қабілетін және шығармашылық көзқарасын кафедра оқытушылары жоғары бағалады. Зерттелген тақырыптың материалы өзіндік, шығармашылық және көркемдік тұрғыда ұсынылды.
Шілдекүл Қуанышбаеваның ашық сабағы жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Оның тәжірибесін, интерактивті технологияларын кафедра оқытушыларының жұмысында қолдану туралы шешім қабылданды.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|