Филология факультеті |
13.12.2019
4 курс студенттерінің педагогикалық практикасының бірінші жартысындағы қорытынды нәтижелері бойынша конференция
2019 жылдың 11 желтоқсанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында конференция өтті, онда «Орыс тілі мен әдебиеті» және «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтарының 4 курс студенттерінің педагогикалық практикасының аралық нәтижелері шығарылды. Конференцияға ғылыми-әдіскерлер, орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының педагогикалық практика меңгерушісі, профессор Гүлмира Қажығалиева, кафедра меңгерушісі, профессор Сәуле Әбішева қатысты.
Педагогикалық практиканы қорытындылай келе, профессор Г. Қажығалиева бұл университетте оқу мен өндірістік (педагогикалық) практиканың үйлесімімен дуальды оқытудың жаңа форматында алғаш рет өткізілгенін атап өтті. Педагогикалық практиканы осы форматта ұйымдастырудың алғашқы тәжірибесі студенттердің тұтастай алғанда туындаған қиындықтарды жеңе білетіндігі, өзін жақсы жағынан көрсете білетіні, қойылған міндеттерге жауапкершілікпен қарауға үйретті.
Студенттер сабақтан және сабақтан тыс шараларды ұйымдастырудағы тәжірибелерімен, сабақтан алған әсерлерімен бөлісті. Еңлік Нұржақып пен Гүлвира Мейрамжанова орыс тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылған әдіс-тәсілдері мен технологиялық әдістер туралы айтты; Аружан Құрманбек жиналғандарды Kundelik.kz жүйесінің ерекшеліктерімен таныстырды; Шынар Әмірбек өзін мектептің мұғалімдер құрамына қалай қабылданғаны, бейімделуі, әріптестерімен қарым-қатынас кезеңі қалай өткендігі туралы әңгімеледі; Аружан Муталханова, Еңлік Темірхан және Еңлік Нұржақып оқушылармен қарым-қатынаста өзіндік қолданатын стилдері туралы айтты; Айза Исметулланың сөзі «Мұғалім болу деген не?» деген сұраққа жауап болды. Мұғалім болу қиын, жауапты, сонымен қатар қызықты, әсіресе, сіз балаларды, мектепті және мұғалімдік мамандықты ұнататын болсаңыз. Айза Исметулла ұстаздыққа деген адалдығын дәлелдеді: Алматыдағы № 67 орта мектепте жас мұғалім-жазушы ретінде «Жас маман» - «Молодой специалист» байқауына қатысып, жеңімпаз атанды!
Студенттер өз сөздерінде олар кездестірген қиындықтарды және оны жеңе білгені, мұғалімдердің тыңдаушыларға деген достық қарым-қатынасын, көмектесуге және кеңес беруге дайын екендіктерін атап өтті. Студенттердің айтуынша оларды әдіскерлер мен тәжірибе жетекшілерінің қолдауы өте маңызды болды.
Қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі профессор Сәуле Әбішева жас мамандардың студенттік практикасының бірінші жартысының аяқталуымен құттықтады және педагогикалық практика студенттің, магистранттың мұғалім жұмысына нақты дайындығының тиімді көрсеткіші екенін және болашақ маман ретінде өзінің әлеуетін ашатын тәжірибе екендігін атап өтті.
Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Call-орталығы: 8 (727) 221 85 14
Психологиялық қызмет секторы: 8 700 976 89 97
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|