қазақша · русский · english
 
 
 
14.04.2017

04.04.2017
17.03.-28.03.2017 ж. аралығында «Кәсібі бағыттағы тілдер» кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.д. профессор Жұмағали Әбуұлының жетекшілігімен аға оқытушысы Утегулова Зинура және магистр оқытушы Беркінбаева Гүлназ European Commission және the Nuffic ұсынған Эразмус+қызметкерлердің Халықаралық Кредиттік Ұтқырлық алмасу стипендиясының қысқа мерзімді грантын ұтып алуына байланысты, ICLON, the Leiden University Graduate School of Teaching (Голландия) орталығында өткен семинар-тренингіне қатысып келді.

24.03.2017
18.03.2017 жылы 168 мектеп-гимназияда Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен Филология және көптілді білім беру институтының 4 курс, студенті Жамбыл Аяулым «Талапкер 2017» атты кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізіп, 2017 жылғы ҰБТ жаңалықтарымен және Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі мамандықтар, университтет тарихы, әлем деңгеіндегі ЖОО арасындағы мәртебесі мен кәсіби кадр даярлаудағы-оның ішіндегі педагогикалық мамандықтар бойынша да - сапалық деңгейі туралы ақпараттар берілді.

10.03.2017
2017 жылғы мамыр айының 22-24 күндері аралығында Түркия Республикасындағы Сиде/Анталия қаласында Роехамптон университеті (Англия), Даугавпильс (Латвия), Абай атындағы ҚазҰПУ (Қазақстан) және Йенілікчі Адымлар (Түркия) қоғамының ұйымдастыруымен,Тіл білімі және гуманитарлық ғылымдардың барлық салаларына бағытталған «I-Евразиялық тіл білімі және гуманитарлық ғылымдар (1stEurasian Conference on Language and Social Sciences, ECLSS 2017)» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтеді.

25.12.2016
02.12-22.12.2016 жылы Лэйден университетінің профессоры Хэнк Фрэнкен «Blended learning» курсы бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің көптілді білім беру топтарына және магистранттары мен PhD доктаранттарына тренинг-курс өткізді. Аталмыш курс Филология және көптілді білім беру институтының кәсіби бағыттағы тілдер кафедрасының (кафедра меңгерушісі филология ғылымдарының докторы, профессор Ж.Абуов) ұйымдастыруымен өткізілді.

22.12.2016
Филология және көптілді білім беру институты Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 21 желтоқсан 2016 жылы институтта ұзақ жылдар бойы табысты еңбек еткен, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Күлтай Әбілқасымованың еңбек демалысына шығуына байланысты салтанатты мерекелік шара өткізілді. Мерекелік кеште әдіскер, ұстаз-ғалымның үзеңгілес болған әріптестері баядама жасап, жылы лебізге толы құттықтау сөздер айтылды.

25.11.2016
23.11.16ж.-30.11.16 ж. аралығында Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойына және 1-желтоқсан ҚР Тұңғыш Елбасы күніне орай «МӘҢГІЛІК ЕЛ - МӘҢГІЛІК ТІЛ» атты апталығы аясында Жалпы тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы Сейталиева Қарлығаш Орынқызының 24.11.2016 жылы сағат 15.00 де өткен « Шешеннің тілі - шебердің бізі» атты 5В012100 - Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3-курс студенттерімен ашық сайыс сабағын өткізді.

04.07.2016
2015-2016 оқу жылында бітірген 87 студенттің 27-і қызыл диплом алып,оқу үздігі атанып отыр, бұл тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерей тойы қарсаңындағы үлкен жетістігіміз-деді институт директоры. Ұлы Абай есімін иеленіп отырған ұлттық педагогикалық университетіміз , сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстахана болып отыр. Филология институтының директоры профессор Б.Әбдіғазиұлы бітіруші түлектерге салтанатты түрде дипломдарын тапсырып «Ақ жол тіледі». «Ақ жол» қарт ҚазҰПУ-дың 2016 жылғы түлектері!!!

06.05.2016
2016 жылдың мамыр айында Қыздар Мемлекеттік университетінде өткен Алаш ұранды әдебиеттің белді өкілі, Қытайдағы ұлт-азаттық күресінің көрнекті қайраткері, ақын, ағартушы Таңжарық Жолдыұлының өнегелі өмірі мен шығармаларын насихаттауға арналған Республикалық «ТАҢЖАРЫҚ ОҚУЛАРЫНА» С.Сейфуллин атындағы әдеби шығармашылық оқу-әдістемелік бірлестігінің студенттері қатысып, Анапияева Салтанат 1-орынды иеленді, Тілеген Ақмаржан сертификатпен марапатталды.

11.04.2016
2016 жылы 7-сәуірде Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының доценті,ф.ғ.к. Г.П.Шаһарманның ұйымдастыруымен Сорбонна - Қазақстан институтының «Халықаралық құқық» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының орыс тобындағы студенттерімен болашақ мамандардың пікірсайыстағы тіл мәдениеті мен сөйлеу шеберлігін дамыту мақсатындағы мемлекеттік тілде «Қазақстан дипломатиясына өзгерістер қажет пе?» деген тақырыпта ашық дебат-сабағы өткізілді.

30.03.2016
2016 жылы наурыздың 17-30 аралығында Филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен кешенді ашық сабақтар аясында Сорбонна - Қазақстан институтының «Халықаралық құқық» және «Халықаралық қатынастар» мамандықтарының студенттеріне ҚР еңбек сіңірген дипломаты, ғалым-ұстаз Қ. Исағалиевтің және институт директоратының өкілдері, тәжірибелі филолог мамандардың қатысуымен «Болашақ дипломат мамандардың біліктілігі және сөйлеу мәдениеті мен сөз әдебі» деген тақырыпта дөңгелек үстел форматында қазақ тілінен мазмұнды ашық сабақ өткізілді.

04.03.2016

04.03.2016
2016 жылғы 2 наурызда Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті Тәрбие басқармасы және Филология институты Жалпы тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен ғылым, медицина, өнер және бизнес салаларында жемісті еңбек етіп жүрген қазақ қыздары филология ғылымдарының докторы Жамал Манкеева, биология ғылымдарының докторы Салтанат Байқошқарова, ҚР еңбек сіңірген әртісі Лидия Каденова, талантты әнші Жазира Байырбековалардың қатысуымен «Нар жүгін азаматша арқалаған...» атты 8 Наурыз халықаралық Әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара болып өтті.

20.01.2016
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың филология институты оқу-әдістемелік бюросы және филологиялық пәндерді оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен (16.01.2016 жыл. Сағат 9:00-да бас ғимараттың 4-қабаты, 410-дәрісханасында) «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған педагог кадрларды даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша 2015 жылғы 2 ақпан-20 наурыз аралығында Астана қаласында 232 академиялық сағат көлеміндегі курсты аяқтаған тренерлер семинар-тренинг өткізді.



< алдығы ...  1   2