қазақша · русский · english
 
 
 
14.02.2020

3-ші курс студенттерінің педпрактикасының қорытынды конференциясы

 

2020 жылдың 13 ақпанында Жаратылыстану және география институтында «5В011200-Химия», «5В011300-Биология», «5В011600-География» мамандықтары 3-ші курс студенттерінің педпрактикасының қорытынды конференциясы болып өтті. Іс-шараға 3 курс студенттері, Жаратылыстану және география институты бойынша педпрактика жетекшісі, аға оқытушы Гүлжанат Қамиева, география, экология және туризм кафедрасының меңгерушісі Гүлмира Бердыгулова, биология кафедрасының меңгерушісі Мұрат Жақсыбаев және оқытушы-әдіскерлер қатысты.

 

Студенттер өздерінің 2020 жылдың 13-ші қаңтарынан 8-ші ақпанға дейінгі педагогикалық практикадан өту кезеңінің есептерімен таныстырды. Педагогикалық практикадағы жетістіктері мен проблемалары жайлы айтып, ұстаздық қызметте алған әсерлері туралы айтты.

 

   

 

   




Кері оралу