|
Жаратылыстану және география институты | |
Бөлімнің мақсаты: Институттың ғылыми әзірлемелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оларды білім беру үдерісіне ендірудің жолдарын іздестіру.
Бөлімнің негізгі міндеттері: Ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, институт қызметінің түрлері бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберін анықтау, шарттардың жобаларын дайындау, заңнама мен Қоғам Жарғысына сәйкес Университет қызметінің бағыттары бойынша түрлі жобаларды іске асыру; Институттың ғылыми-зерттеу әлеуетін арттыру; Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылыми кеңістіктегі интеграцияны қамтамасыз ету; Ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу үдерісіне ендіру; Институттың технологиялық дамуын қамтамасыз ету және оның ғылыми-техникалық базасын нығайту; Инновациялық идеяларды коммерциализациялау; Студенттер, магистранттар, докторанттарды және жас мамандар мен университет ғалымдарын ғылыми және практикалық міндеттерді орындауға ат-салысуын қамтамасыз ету; Оқытудың инновациялық технологияларын қоса алғанда, бюджеттен тыс қаражатты, материалдық-техникалық ресурстарды, жаңа технологияларды тарту болып табылады.
Бөлімнің қызметі: Университет пен Институт қызметінің бағыттары бойынша инновациялық әзірлемелерді, өнімдердің, қызметтердің жаңа түрлерін, технологияларды игеру; Ғылыми-зерттеу жобаларына ұсынуға қолдау көрсету, инновациялық сипаттағы қызметтер көрсету; Іргелі, қолданбалы ғылымның, білім беру саласы мен әлеуметтік саланың ықпалдасу схемаларын әзірлеу және іске асыру; Педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылар үшін тренинг, шеберлік-сыныптарын, ғылыми семинар ұйымдастыру; Халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларды, студенттік ғылыми семинарларды ұйымдастыру және өткізу; Педагогикалық қызметкерлер мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне жұмылдыру; Халықаралық рейтингтік басылымдарда педагогикалық қызметкерлер мен білім алушылардың мақалаларының жариялануына мониторинг жүргізу; Халықаралық рейтингтік басылымдарда мақалалардың жариялануын жандандыруға, Хирша индексінің көрсеткішін арттыруға бағытталған шараларды дайындау және әзірлеу; Институттың және Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінен жүктелген міндеттерді орындауға қажетті материалдарды, құжаттарды, ақпаратты алу; Университеттің қатысуымен өткізілетін түрлі кеңестерге, семинарларға, көрмелерге қатысу; Әзірленген жобалар бойынша қызмет көрсету мақсатында Институт пен Университеттің басқа құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін олардың басшыларының келісімімен тарту; Бөлім қызметінің бағыттары бойынша Университет және Институт жұмысын бағдарламаларын дайындауға және іске асыруға қатысу; Институт директорына Бөлім қызметін қолдау, дамыту және тиімділігін арттыру мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу; Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жедел кеңестерге қатысу; Бөлім құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Университет пен Институттың құқықтары мен мүдделерін білдіру; Түрлі бағдарламаларға қатысу, оқытуға, қайта даярлауға және арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру.
 2055
|
|
|